Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Люксембургпен өтетін жолдастық кездесу туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Грекиямен ойыннан кейін көңіліміз қалды, үлкен турнирде ойнауды армандадық. Әлі де көңілсіздік бар, бірақ ертең жаңа ойын жанкүйерлер алдында өзімізді қалпымызға келтіруіміз керек.

Люксембург құрамасы? Бұл команданы білмеймін, жақын арада теория болады, қарсыласты сол жерде сұрыптаймыз. Бірақ бұл ойын біз үшін өте маңызды, барлық жігіттер ең алдымен өзін қалпына келтіргісі келеді.