Бүгін Аргентина құрамасы жолдастық кездесуде 3:0 есебімен Сальвадорды жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Вингер Анхель Ди Мария матчта нәтижелі пас беріп, Аргентина құрамасы тарихындағы ассисттер саны бойынша Диего Марадонадан (26 нәтижелі пас) озып, екінші орынға көтерілді – 27.

Бұл көрсеткіш бойынша көшбасшы Лионель Месси. 36 жастағы аргентиналық футболшы 54 нәтижелі пас берді.