Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Майами (Флорида, АҚШ) турнирінің іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеудің бірінші кезеңінде франциялық теннисші Теренс Атманмен кездесті. Кездесу екі сетте 4-6, 4-6 есебімен Кукушкиннің жеңілуімен аяқталды.

Майами «Мастерс» турнирі 20-31 наурыз аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 8 995 555 доллар. Қазіргі жеңімпаз ресейлік Даниил Медведев.