Бокстан Қазақстан құрамасы 23 наурызда Азербайжан астанасы Бакуде басталатын «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚСБ мәліметінше, қазақ боксшылары 11 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұл ретте негізгі құрамда: Теміртас Жүсіпов, Серік Теміржанов, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов және Қамшыбек Қоңқабаев та жүлделі орындарды сарапқа салады.

Қазақстан құрамасының құрамы:

48 келі: Теміртас Жүсіпов51 келі: Дамир Әбдіқадыр54 келі: Тимур Қабешов60 келі: Талғат Сырымбетов63,5 келі: Серік Теміржанов67 келі: Бақтияр Смағұлов71 келі: Дархан Дүйсебай75 келі: Тимур Нұрсейітов86 келі: Бекзат Таңатар92 келі: Сағындық Тоғамбай+92 келі: Қамшыбек Коңқабаев.

Турнирге барлығы оннан астам елден 100-ден астам боксшы қатысады.