Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко жеке және жұптық сында жаңартылған ATP рейтингіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко жекелей сында Фейра-де-Сантана турнирінде (Бразилия) жеңіске жеткеннен кейін 26 сатыға көтеріліп, қазір ATP рейтингінде 250-орында тұр. Бұған дейін қазақстандық Ресифиде (Бразилия) жұптық сайыста да жеңімпаз атанған – ол бразилиялық теннисші Дутра да Сильвамен жұптық өнер көрсетті. Нәтижесінде Попко «жұптық» рейтингінде бірден 173 позицияға көтеріліп, қазір 632-орынды иеленді.

Айта кетейік, Дмитрий Попко ақпан айында сәтті өнер көрсетіп, АҚШ-тағы жекелей турнирінде қатарынан үш рет жеңіске жетіп, 23 кездесуде жеңіске жеткен.