Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 20-дан 18-орынға көтеріліп, өзінің жеке рекордын орнатты.

Өткен аптада А.Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінің үшінші айналымына дейін жеткен еді.Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 51-ден 58-ге Денис Евсеев 180-нен 184-ке сырғыды.Михаил Кукушкин 140-тан 139-ға жоғарыласа, Бейбіт Жұқаев 191-сатыда қалды.

Кеше Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанған Дмитрий Попко 276-дан бірден 250-ге шықты.Әлемдік рейтингіде алғашқы үштікте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас және италиялық Янник Синнер келеді.

Индиан-Уэллс мастерс додасының финалында К.Алькарас әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті 7:6 (7:5), 6:1 есебімен ұтты.

Жұптық сында америкалық Остин Крайчек үндістандық Рохана Бопанна мен аустралиялық Мэттью Эбденді ығыстырып, көш бастады.

Қазақстандықтардан Александр Недовесов 45-тен 46-ға төмендесе, Андрей Голубевтің (71) орны өзгерген жоқ.