Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Тенерифеде өтіп жатқан Челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық кездесуде қазақстандық испан спортшысы Даниэль Агиларды 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.

Еске салайық, ақпан айының басында Кукушкин Бахрейндегі Челленджер сериясындағы турнирде сенсациялық жеңіске жеткен болатын.