ФИФА FIFA Series жобасының басталатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұп санға келетін жылдары (2026, 2028, 2030...) наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде әртүрлі конфедерациялардың командалары матчтар өткізеді деп күтіліп отыр. Мақсат – ұлттық құрамалардың басқа конфедерациялардың командаларымен ойындарға жиі қатысуы. Жобаның толық іске қосылуы 2026 жылы болады.

Бастапқы матчтар 18-26 наурыз аралығында Алжир, Әзербайжан, Сауд Арабиясы және Шри-Ланкада өтеді, мына командалар қатысады:

Алжир: Алжир, Андорра, Боливия, Оңтүстік Африка Республикасы;

Әзербайжан: Әзербайжан, Болгария, Моңғолия, Танзания;

Сауд Арабиясы A: Кабо-Верде, Камбоджа, Экваторлық Гвинея, Гайана;

Сауд Арабиясы B: Бермуд аралдары, Бруней, Гвинея, Вануату;

Шри-Ланка: Бутан, Орталық Африка Республикасы, Папуа – Жаңа Гвинея, Шри-Ланка.