Қазақстандық қысқа конькиші Алина Әжғалиева жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында спортшымыз 1500 метр қашықтықта финалға шығып, екінші орын алды. Венгриялық спортшы Майя Дора Соможи чемпион атанса, Қытай спортшысы Ваню Лю қола жүлдені жеңіп алды.