Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина Әжіғалиева күміс жүлдегер атанды.

Ол әлем чемпионатында 1 500 метр қашықтықта сынға түсіп, финалына шыққан болатын. Аталған қашықтықта венгриялық Маджа Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді. Ал отандасымыз екінші орынды иеленді.

Айта кетейік, бұл - қазақстандық қыздар арасындағы шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.