Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы Азия ойындарын қабылдайтын қаланы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтың қысқы ойындары 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді. Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді.

IX бәсекенің ұраны: «қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ.