Нидерланд корольдігінің Херенвен қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем кубогінің 3-кезеңі мәресіне жетті.

Спорттық дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қыздар арасындағы 3 мың метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Ел намысын Алина Әжіғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан және Гүлдана ⁠Жалмұхан қорғады.

А тобы, финал:

Оңтүстік Корея – 4:17.683 секунд,Қазақстан – 4:19.480,Нидерланд – 4:33.236.БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының нақтылауынша, Алина Әжіғалиева мен Гүлдана Жалмұхан – батысқазақстандық шорттрекшілер.