Павлодарлық «Ертіс» 33 жастағы қорғаушы Виктор Крюковпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Крюков «Ертіс» сапында 2010-2012 жылдары ойнап, Премьер-лигада дебютін өткізген.

Крюков карьерасында «Қайрат» пен «Локомотив» командаларының екінші командаларында ойнады, сонымен қатар «Астана-1964», «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Рузаевка», «Тараз», «Хан Тәңірі» командалардың намысын қорғады. Футболшының кейінгі клубы екінші лигадағы «Алтай» болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Ертіс» алдағы маусымды екінші лигадан бастайды. Командаға бірінші лигаға шығу міндеті қойылып, Павлодар облысының әкімдігі клуб басшылығына командаға жергілікті футболшыларды тартуды тапсырды.