«Оқжетпестің» бұрынғы ресейлік шабуылшысы Руслан Болов Волгоградтың «Роторына» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Руслан Болов кейінгі екі маусымда «Оқжетпес» сапында өнер көрсетті. Жалпы шабуылшы көкшетаулықтар сапында 61 кездесу өткізіп, 40 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.