Қазақстандық дзюдошы Абиба Абужақынова Бакуде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұбаныш финалында ол белгиялық қарсыласы Луиз Петиттен басым түсті.

Айта кетерлігі, бұл Абиба Абужақынованың 2024 жылы қатысқан екінші әлемдік жарымындағы екінші қола жүлдесі. Ол бұған дейін Португалияда өткен Гран-при жарысында қола жүлде жеңіп алған.

Естеріңізге сала кетейік, турнирге қатысуға бес құрлықтың 62 елінен 404 дзюдошы тіркелген. Олар медальдар үшін ғана емес, Олимпиадаға іріктеу ұпайлары үшін де таласады – алтын медаль үшін 1000 ұпай, күміс медаль үшін 700 және қола жүлде үшін 500 ұпай.