Дзюдодан 16-18 ақпан күндері Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін «Үлкен дулыға» бәсекесінде ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш бәсекеге әлемнің 64 елінен 413 спортшы қатысады деп күтілуде.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан құрамасы:

Ерлер: 60 келі. Дәурен Сюкенов60 келі. Бауыржан Нарбаев66 келі. Алмас Ғалымов66 келі. Сұңғат Жұбатқан73 келі. Жансай Смағұлов73 келі. Бақытжан Абдурахманов81 келі. Аңсарбек Ғайнуллин81 келі. Айбол Нысанәлі90 келі. Ермахан Ануарбеков90 келі. Мұхаммедали Мавлидов100 келі. Әділет Сапарғалиев100 келі. Ислам Бозбаев+100 келі. Еламан Ерғалиев+100 келі. Әділ Оразбаев

Әйелдер: 48 келі. Әбиба Әбужақынова48 келі. Ғалия Тынбаева52 келі. Толғанай Әбеуова52 келі. Балнұр Әбдешова57 келі. Балнұр Құсақбаева63 келі. Эсмигүл Кюлова63 келі. Зарина Сарипова70 келі. Екатерина Токарева78 келі. Аруна Жангельдина78 келі. Маргарита Гриценко+78 келі. Кәмила Берліқаш+78 келі. Карина Такиева

Былтырғы турнирде аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев қола жүлде алған болатын.