Украиналық қорғаушы Дмитрий Рыжук қарағандылық «Шахтерге» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

31 жастағы футболшының кейінгі клубы «Оқжетпес» болған, ол көкшетаулықтар сапында үш маусым ойнады.

Рыжук - киевтік «Динамоның» түлегі. Харьковтік «Металлист», израильдік «Хапоэль», украиналық «Черноморец» пен беларусьтік «Минск» сапында ойнаған.