Румыниялық «ЧФР Клуж» жартылай қорғаушысы Ловро Цвек шымкенттік «Ордабасыға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі румын клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 жастағы хорват осы маусымда 24 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берген. Бұған дейін хорватиялық «Вараждин», словениялық «Заврч», «Алюминий» мен «Целеде», словакиялық «Сеница» мен украиналық «Заря» сапында доп тепті.

Беделді Tranfermarkt порталы футболшыны 1 миллион еуроға бағалаған.