Фристайл акробатикасынан Қазақстан құрамасының өкілі Шерзод Хаширбаев АҚШ-та өткен FIS OPEN халықаралық ашық чемпионатында үшінші болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Юта штатында (АҚШ) өтуде. Хаширбаев 106,92 ұпай жинап, қола медаль еншіледі. Бірінші орынды украиналық Дмитрий Котовский (120,80) алды. Екінші орында америкалық Кристофер Лиллис (107,69).

.