Квебекте (Канада) өткен әлем кубогында әйелдер арасындағы командалық спринтте Қазақстан құрамасы 3-орынға ие болып, қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Голландия 1:27,09 нәтижемен алтынға, ал Польша 1:27,79 нәтижемен күміске қол жеткізді. Қазақстандық спортшылар 1:29,16 нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, әйелдер құрамасында Екатерина Айдова, Инес Шүмекова және Алина Даурана өнер көрсетті.