Жапонияның Хачинохе қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Срортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, аталған додада қазақстандық конькишілер 10 медаль жеңіп алды.

Нео-сеньорлар арасындағы «Team Sprint» командалық жарысы:

Әйелдер — алтын (1 минут 33.82 секунд)Ерлер — қола (1:28.02)

Жасөспірімдер арасындағы «Team Sprint» командалық жарысы:

Әйелдер — күміс (1:31.47)Ерлер — қола (1:23.89)1000 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):Маргарита Артемьева — күміс (1:22.03)Мария Кузнецова — қола (1:23.84)

500 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):

Маргарита Артемьева — алтын (40.86 секунд)Мария Кузнецова — қола (41.38)

1500 метрге жүгіру (нео-сеньорлар):

Алена Лифатова — қола (2 минут 12.01 секунд)

Жаппай старт (нео-сеньорлар):

Маргарита Артемьева — күміс (6 минут 48.84 секунд)

Сондай-ақ, Жапонияда 2023/2024 жылғы әлем кубогының барлық кезеңіндегі ұпайлар қосындысы бойынша маусымның ең мықты спортшылары анықталды.

Бұл тізімде біздің жерлестеріміз көш бастап, жеңіс тұғырынан көрінді.

Нео-сеньорларӘйелдер арасындағы командалық жарыс — 1 орынЕрлер арасындағы командалық жарыс — 2 орын

Жаппай старт

Мария Кузнецова — 3 орын

500 м

Маргарита Артемьева — 1 орынИнесса Шумекова — 3 орын

1000 м

Инесса Шумекова — 2 орынАлена Лифатова — 3 орын

Жасөспірімдер

Әйелдер арасындағы командалық жарыс — 2 орын

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) маусымның үздіктері деп таныған спортшыларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.