UFC Vegas 84 турнирінің қорытындысы бойынша бонустардың иелері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азат Мақсұм мен Чарльз Джонсон кештің үздік жекпе-жегі үшін бонус алады. Екі файтер де 50 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Сондай-ақ Молли МакКенн мен Рэнди Браун кештің үздік өнері үшін 50 мың доллар алады.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіліп көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм Чарльз Джонсоннан 29-28, 29-28, 29-28 есебімен ұтылды.