UFC-дегі қазақстандық Азат Мақсұм (17-1) мен америкалық Чарльз Джонсон (14-6) арасындағы жекпе-жектің төрешілерінің ұпайлары жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үш төреші де - Дерек Клири, Сал Д'Амато және Крис Ли бірауыздан 29-28 есебімен жеңісті Джонсонға берді. Барлық төрешілер бірінші раундты Мақсұмның пайдасына есептесе, екінші және үшінші раундтар оның қарсыласының пайдасына қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Азат мансабында алғаш рет жеңілді.