Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 235 турнирі аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық Азат Мақсұм (17-0) америкалық промоушендегі екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақ спортшысының қарсыласы бұрын Жалғас Жұмағұловты жеңген америкалық Чарльз Джонсон болды (13-6).

Үш раунда қортындысы бойынша төрешілер бірауызды Джонсонға жеңісті берді.

Осылайша, Азат Мақсұм мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.