Футболдан Тәжікстан құрамасы Катарда өтіп жатқан Азия кубогының ширек финалдық кездесуінде Иордания құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1:0 есебімен аяқталды. 66-минутта Тәжікстан құрамасының қорғаушысы Вахдат Ханонов допты өз қақпасына бағыттап алды.

Жартылай финалда өз тарихында алғаш рет турнирдің бұл кезеңіне шыққан Иордания құрамасы Австралия-Оңтүстік Корея кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Азия кубогы 10 ақпанда аяқталады.