Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ХуаХин қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда тайландттық теннисші Тасапорн Накломен кездесіп 5-7, 6-3, 6-2 есебімен Путинцева жеңіске жетті.

Ертең Путинцева швейцариялық теннисші Виктория Голубичке қарсы ойнайды.