Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Индор қаласында өтіп жатқан Хардкорт ITF турнирінде алғашқы жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грекиялық теннисші Сапфо Сакелларидимен бірге Қазақстан спортшысы жергілікті Хумера Бахармус – Смрити Бхасин дуэтімен ойнап, екі сетте 6:0, 6:3 жалпы есебімен жеңіске жетті. Матч небәрі 46 минутқа созылды.

Айта кетейік, жақында Нонтабуриде өткен ITF сериясы турнирінде 23 жастағы қазақстандық спортшы грек теннисшісімен бірге жарыс жеңімпазы атанған болатын.