Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиадада алғашқы алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы қай орынға жайғасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіруде қазақстандық Илья Мизерных чемпион атанды.

Нәтижесінде ел құрамасы медальдар кестесінде алтыншы орынға көтерілді.

Қазірге дейін барлығы 17 құрама жүлдеге қол жеткізген. Әзірге Қытай 1 алтын, 2 күміс медальмен көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Франция, Германия, Италия 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алған.

Келесі кезекте Оңтүстік Корея (1-0-1), Чехия, Қазақстан, Словения, Швейцария ((1-0-0)), Австрия (0-1-1) құрамалары келеді.