Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында 2024 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында қазақстандық спортшы Илья Мизерных чемпион атанды.

Илья Мизерных — 214 ұпай Ники Хаммл — 210,7 ұпай Лукаш Лукащук — 209,7 ұпай 30. Илья Шильников — 124,4 ұпай.

Илья Мизерных — 2007 жылы 2 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша ҚР спорт шебері. 2023 жылы «Азия балалары ойындары» халықаралық жарысында топ жарған.

Айта кетейік, бұл ел тарихындағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын. Бұған дейін жерлестеріміз 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.