Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Илья Мизерных Канвон қаласында (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы сыннан кейін Мизерных үшінші орынға ие болған. Алайда екінші сында ол үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынға табан тіреді.