19 желтоқсан, жұма күні Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының 2024 жылғы алғашқы кеші – OCTAGON 54 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz

Ауқымды жекпе-жек кеші аясында көрермендер Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және Қытай спортшылары қатысатын 14 жекпе-жекті көреді.

Алдағы турнирдің басты ерекшелігі, Қазақстан мен Өзбекстан арасында 7 жекпе-жектен тұратын «бірге-бір» форматында кездесулер өтеді.

Өзбек файтерлері мен олардың тәлімгерлері теке-тіресте жеңіске жетуге ниетті екенін мәлімдеп, видео түсірді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық «рыцарь» Георгий Кичигин (29-10) мен өзбек нокаутшысы Шохасан Мирзаматов (11-13) жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.