Prosports.kz назарларыңызға Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваның Аустралия ашық чемпионатындағы бірінші матчына бейнешолу ұсынады.

Отандасымыз ресейлік Анастасия Захарова 6:2, 0:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Кездесу бір сағат 50 минутқа созылды.

Айта кетейік, Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынында Елена Рыбакина жарыс жолынан шыққан жоқ.

Юлия Путинцева ертең жұптық сында колумбиялық Мария-Камила Осорио-Серраномен бірге аустралиялық Сторма Хантер және чехиялық Катержина Синякова жұбымен кездеседі.