Қазақстан теннисші Денис Евсеев Тенерифедегі турнирдің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев бірінші іріктеу кезеңінде испаниялық Кенай Ортисті 6:3, 6:0 есебімен ұтты.

Кездесу 57 минутқа созылды.

Айта кетейік, іріктеу финалында Евсеев литвалық Вилиус Гаубасқа қарсы ойнайды.