Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз ресейлік Анастасия Захарова 6:2, 0:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Кездесу бір сағат 50 минутқа созылды.

Айта кетейік, Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынында Елена Рыбакина жарыс жолынан шыққан жоқ.

Юлия Путинцева ертең жұптық сында колумбиялық Мария-Камила Осорио-Серраномен бірге аустралиялық Сторма Хантер және чехиялық Катержина Синякова жұбымен кездеседі.