Әйелдер арасындағы күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Эльмира Сыздықова Хорватияда өткен рейтингтік турнирде жеңіліс тапты.

Сыздықова 2024 жылы Біріккен күрес әлемінің (UWW) бірінші рейтингтік турнирі – Zagreb Open турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда ол жеңіліске ұшырады. Шерік финал кезінде 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сыздықова америкалық Кеннеди Алексис Блэйдспен кездесіп, оған 0-10 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Эльмира Сыздықова 2016 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиаданың қола жүлдегері. Сондай-ақ қазақстандық спортшы күрестен екі рет (2021, 2023) Азия чемпионатында жеңіске жетіп, тағы бес рет құрлық біріншілігінің қола жүлдегері атанды.