Қазақстандық «Барыс» командасының орталық шабуылшысы Әлихан Өмірбековтің «Авангард» қақпасына соққан шайбасы Құрлықтық хоккей лигасының желтоқсан айында соғылған үздік голы ретінде бағаланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасының YouTube ресми каналы желтоқсан айында соғылған үздік голдардың топтамасын жариялады.

Нәтижесінде «Барыс» командасының орталық шабуылшысы Әлихан Өмірбековтің «Авангард» қақпасына соққан голы үздік деп бағаланды.

Әлихан Өмірбеков 2001 жылдың 14 маусымында дүниеге келген. Елордалық «Барыс» сапында 2023/2024 жылғы маусымнан бастап ойын көрсетіп келеді. Қарсыластар қақпасына үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Оған дейін «Снежные Барсы» клубының намысын қорғады. Ұлттық құрама сапында 13 ойын өткізіп үлгерді.