Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің финалдық матчында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словения құрамасымен ойнайды, деп жазады Prosports.kz.

Қазіргі уақытта командалардың бастапқы құрамдары белгілі болды:

Словения: Облак, Карничник, Блазич, Бижол, Янжа, Стоянович, Черин, Эльшник, Млакар, Спорар, Шешко;

Қазақстан: Шацкий, Вороговский, Әліп, Марочкин, Малый, Быстров, Оразов, Қуат, Бейсебеков, Чесноков, Самородов.

Словения-Қазақстан ойыны Астана уақытымен 01:45-те басталады, Qazsport телеарнасы тікелей эфирде.