WBO және IBF тұжырымдарының орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы басты мақсатын айтты.

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) кәсіпқой бокс мансабындағы басты мақсатымен бөлісті.

- Маған не керек екенін бәрі біледі! Кәсіпқой бокстың төрт белбеуі керек!,- деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы қазан айында өткізген жекпе-жегінде неміс боксшысы Винченцоны (21-1-1) мерзімінен бұрын жеңіп, IBF титулын иеленген еді.