Қазақстандық чемпион Мәскеудегі турнирде өнер көрсетуден бас тартты

Қазақстандық чемпион Мәскеудегі турнирде өнер көрсетуден бас тартты

Танымал қазақстандық ММА файтері Дәурен Ермеков (16-5) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

Ермеков 10 қарашада Мәскеуде өтетін Fight Nights Global турнирінде ресейлік Дмитрий Арышевпен (14-8-1) кездесіп, промоушеннің орта салмақтағы уақытша титулын сарапқа салуы керек еді. Бірақ файтер әлеуметтік желіде бұл кеште өнер көрсетпейтінін мәлімдеді.

«Жарақатыма байланысты бұл турнирде өнер көрсетпеймін», - деп жазды қазақстандық файтер Инстаграм парақшасында. 

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202311/209991_0dfa733b068b82f313e11d90f12b9bea.webp" /></picture>

Еске сала кетейік, Ермеков кейінгі жекпе-жегін биыл маусымда өткізген болатын. NFC 52 & Ural FC 3 - Naiza Fighter Championship 52 бірлескен турнирінде қазақстандық файтер ресейлік Руслан Шамиловті (11-5) жеңіп, екі лиганың белбеуін иеленген алғашқы файтер атанған.

Фото: ашық дереккөзден

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или