Армрестлинг құрамасы Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында жалпы есепте топ жарды

Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Ар-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қол күресінен жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы армрестлингтен 2-жарыс күні оң қолмен күресте 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Есболат Қаржау (100 кг) мен Нышанәлы Сәнім (пара армрестлинг, тұрып күресу) чемпион атанса, Никита Ермаков (пара армрестлинг, отырып күресу) пен Раушан Жаналиева (+80 кг) ақтық сында қарсыласқа есе жіберді. Сандуғаш Сейдіш (55 кг) пен Бағжан Шаменов (80 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша, еліміздің армрестлинг құрамасы 7 алтын, 3 күміс және 8 қола медальмен спорттың осы түрінен 1-орын алды. Одан кейін 5 алтыны бар Украина тұрақтады.

Ал жалпы командалық есепте Қазақстан делегациясы 12 алтын, 13 күміс, 23 қола жүлдегер қол жеткізіп, 2-орында келе жатыр. Көш басында Украина (21 алтын, 15 күміс, 13 қола). Үздік үштікте жарыс қожайыны Сауд Арабиясы (10, 19, 18).
Айта кетейік, V Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындары ертең мәресіне жетеді.