Орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мексикалық бокс супержұлдызы Сауль Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жұдырықтасуға ниет білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің дайын екенімді бәрі біледі. «Канело» келіссе, ақпан айында онымен жұдырықтасуға дайынмын. Маған осы төрт белбеу керек. Оны нокаутқа оңай түсіре аламын. Бокстан хабарыңыз болса, бұл ойыммен келісесіз!». – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Өткен демалыс күндері Әлімханұлы неміс Винченцо Гуальтиериді мерзімінен бұрын жеңіп, соның арқасында екінші чемпиондық белбеуіне ие болды.

Альвареске келер болсақ, өткен айдың соңында америкалық Джермелл Чарлоны ұпай саны бойынша жеңді.

Жарайсың, Жәнібек! Қазақ боксшысы Техас төрінде қарсыласын сабап тастады