Кәсіпқой рингте қарсылас шыдатпай жүрген қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10КО) неміс Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7КО) жеңгеннен кейін рингте сұқбат берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жек алтыншы раундта Жәнібектің жеңісімен аяқталды.

«Иә, бұл біздің бокс, бұл Qazaq Style. Бұл стильді бокс тарихында қалдырғымыз келеді. Бастапқыда қарсыластың ашық боксқа бармайтынын білдік. Винченцо мені бір соққымен сұлатқысы келді. Оған да мен дайын болдым.

Ары қарай жоспар қандай? Енді қалған екі белбеуді алып, абсолютті әлем чемпионы атанғым келеді. Мұны Top Rank ұйымдастырады деп сенемін», - деді Әлімханұлы.