Қазақстан Премьер-лигасының 18-турының кейінге қалдырылған матчында шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында атакенттік «Мақтааралмен» ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ басымдылыққа ие болғанымен, есеп аша алмай, бірінші таймда гол соғылмады. Екінші таймда шымкенттіктердің шабуылы жалғасып, 61-минутта ғана есеп ашты.

Қазір «Ордабасының» 52 ұпайы бар және тағы да турнир кестесінің жалғыз көшбасшысы, «Астана» одан үш ұпайға қалып келеді.