Қытайдағы Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бахтияр Ибраев, Андрей Худяков пен Асадбек Нәзірқұловтан жиналған Қазақстан құрамасы қозғалмалы нысанаға атудан екінші орын алды.

Ал басқа жарыстарда мергендер дәлдік таныта алмады.

25 м, тапанша. Әйелдер. Іріктеу

Ирина Юнусметова - 23-орын (285-5х), Ольга Аксенова - 32-орын ( 283-7х), Сәуле Әлімбек – 33-орын (282-8х) – финалға шыға алмады

25 м, тапанша. Әйелдер. Командалық жарыс

Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова, Сәуле Әлімбек – 10-орын (850)

Бұған дейін қазақстандық мергендер Ислам Сәтбаев пен Александра Ли 10 метрден пневматикалық винтовкамен атуда үшінші орын алған еді.

Еске салайық, Азия ойындары-2022 23 қыркүйек пен 8 қазан арасында Ханчжоуда өтіп жатыр. Тоғыз спортта Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады.