EURO 2024: Қазақстан құрамасы төртінші орынға сырғыды

EURO 2024: Қазақстан құрамасы төртінші орынға сырғыды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан H тобында бесінші турдағы тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған топтағы Дания өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдады.

Кездесу барысында даниялық футболшылар қарсыласын 4:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде Словения Солтүстік Ирландияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Бесінші турдан кейін аталған топта 12 ұпаймен Финляндия көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Дания мен Словенияның еншісінде 10 ұпай бар.

Ал Қазақстан 9 ұпаймен төртінші орынға сырғыды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или