8 тамызда «Астана Аренада» Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» болгариялық «Лудогорецті» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» — «Лудогорец» матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 20:00-де басталады, кездесуді «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Айта кетейік, егер «Астана» екі матч қорытындысы бойынша «Лудогорецті» жеңсе, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде нидерландтық «Аякспен» кездеседі. Бұл матчтар 24 және 31 тамызда өтеді.

Ал егер Григорий Бабаян шәкірттері жеңіліп қалса, Конференция лигасының плэй-офф кезеңіне өтеді, онда «Валмиера» (Латвия) – «Партизани» (Албания) матчының жеңімпазымен күш сынасады.