Тимур Рудосельский «Ақтөбеге» ауысты
«Ақтөбе» футбол клубы қорғаушы Тимур Рудосельскийді Қазақстан чемпионатына қатысатын тізіміне қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы қазақстандық қорғаушы «Ақтөбеде» 2-нөмірмен өнер көрсетеді.
Тимур Рудосельскийдің бұған дейінгі клубы «Алашкерт» болды. Ойыншы армениялық командадан бір апта бұрын еркін агент ретінде кетті. Өткен маусымда Рудосельский «Алашкерт» сапында тоғыз матчқа қатысты.
Сондай-ақ ол «Қайрат», «Жетісу», «Оқжетпес», «Қайсар», «Тұран» командаларында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или