Бұл тәртіпте Қазақстанның ерлер құрамасы шешуші кездесуде Иран өкілдеріне есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Осы жеңіліске қарамастан, медальдық есепте жалпы көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасы бірінші рет жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Каратэшілеріміздің үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдесі бар.
Бұл спорттың негізін қалаған Жапониядан келген шеберлер бұл жолы екінші орынды қанағат тұтты: үш "алтын", үш "күміс" және екі "қола". Ирандық каратэшілер үшінші қатарда (3-2-7).
Бұған дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы оқ атудан 2023 жылғы әлем чемпионатында үздік бестікке кірген ед