«Ювентус» команда құрамынан төрт ойыншыны алып тастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Фабрицио Романо мәліметінше, бұл тізімге қорғаушы Леонардо Бонуччи, сондай-ақ жартылай қорғаушылар Артур Мело, Денис Закария және Уэстон Маккенни енді. Төрт ойыншы да трансферге қойылды.

Бұған дейін «Ювентус» жартылай қорғаушы Поль Погбамен қоштасуға дайын екені белгілі болған. Алайда француз туриндік клубтан кетуді жоспарлап отырған жоқ.