«Бавария» вингер Садио Манеге алдағы маусымда оған иек артпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kicker.

Мюнхендіктер ойыншыға жаңа команда іздеуге рұқсат берді. Бірақ оның неміс клубымен келісімшарты 2 жылдан соң аяқталады.

Мане «Бавария» сапында бір маусым ғана өткізді. 2022 жылы сенегалдық ойыншы мюнхендік клубқа «Ливерпульден» 32 млн еуроға ауысқан болатын. Өткен маусымда Бундеслигада ол 25 матчқа қатысып, 7 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанған.